БастыСпорт

Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы алғашқы алтынына қол жеткізді.

63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесті.

Өте тартысты жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептеледі.

Бұл Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі.

Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.

Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея, Сауд Арабия және Солтүстік Корея балуандарын жеңді.

TuraNews

Back to top button