ӘлемСаясат

Ердоған Дүниежүзілік Климат әрекеті саммитінде сөз сөйледі

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Газада болған оқиғаның соғыс қылмысы екенін және кінәлілердің халықаралық құқық алдында жауап беруі керектігін айтты, деп жазады TuraNews.kz.

Президент Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруіне байланысты шеңберлік конвенциясына қатысушы елдердің 28-ші конференциясы аясында ұйымдастырылған Дүниежүзілік Климат әрекеті саммитінде сөз сөйледі.

Түркияның барлық дағдарыстарда бейбітшілікті қолдайтынын, әділдік пен теңдікке негізделген шешім үшін әрекет ететінін түсіндірген Ердоған Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына тоқталды.

Ердоған Израильдің шабуылдары нәтижесінде көбі балалар мен әйелдерден тұратын 16 мыңнан астам бейкүнә палестиналық бейбіт тұрғынның қаза тапқанын баяндады.

Ердоған «Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс, соғыс қылмысы; кінәлілер халықаралық құқық алдында жауап беруі керек» деді.

«Соңғы оқиғалармен біз бәріміз 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егеменді және аумақтық тұтастыққа ие Палестина мемлекеті құрылуы керек екенін тағы бір рет көрдік» деген  Ердоған өз сөзімен Түркияның бұны қайта орнату және салып шығуы үшін кез келген жауапкершілікті алуға дайын екенін білдірді.

TuraNews

Back to top button