ӘлемДенсаулық

Бішкекте 20-дан астам адам фастфудтан ұланып қалды

Бішкек қаласының Шу даңғылы мен Сүйінбаев көшесінің қиылысында орналасқан «Беш лаваш» және «Мидос» фастфуд пункттерінде шаурмадан улану оқиғасы тіркелді, деп Қырғызстандық Кабар агенттігі хабарлайды.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаппай улану салдарынан 21 адам зардап шеккен. Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 15 адам жатқызылды. Оның ішінде 2 бала бар. Қалған 6 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

«Тергеу кезінде санитарлық және микробиологиялық зерттеулер үшін дайын шаурма үлгілері, ингредиенттер мен жағындылар алынды», – делінген хабарламада.

Анықталған заңбұзушылық бойынша фастфуд сататын орындарға 72 мың сом айыппұл салынып, заңбұзушылық жойылғанға дейін жабылды.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button