Қоғам

«Бақытты отбасы – мықты мемлекет»

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұядағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту мақсатында «Бақытты отбасы – мықты мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара Жаңаарқа ауданының Ішкі саясат бөлімі мен С. Сейфуллин атындағы кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Дөңгелек үстел барысында отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және ұрпақ тәрбиесі мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, отбасы институтын нығайтуға бағытталған пікірлерімен бөлісті.

Берекелі отбасы – тұрақты қоғамның негізі, мықты мемлекеттің тірегі.

#БақыттыОтбасы #МықтыМемлекет #ОтбасыКүні #Otbasym2026 #ЖаңаарқаАуданы

TuraNews

Back to top button