БастыҚоғам

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 1 наурыз күні сағат 08:18-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

– Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,8. MPV магнитудасы – 3.8. Жер сілкінісінің координаттары 44,51° с.б. 79,89° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілгіштігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында – жоқ,- делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button