Басты

Алматыда қуатты жер сілкінісі болды

Алматы тұрғындары 23 қаңтар түнгі cағат 00:05 шамасында жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Сейсмикалық станциялар желісі «НТЦСН и И» ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 23 қаңтар 2024 ж. Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан, – деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.
  • Магнитудасы – MPV 6.7.
  • Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша – 41,22°. 1,78° В
  • Тереңдігі – 65 км.
  • Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 4 балл

 

 

TuraNews

Back to top button