Мәдениет

Алматы қаласында 7-ші түрік фильмдері апталығы өтті

Қазақстанның Алматы қаласында 7-ші түрік фильмдері апталығы өтті, деп хабарлайды TRT Net.

Шараның ашылу салтанатында түрік киношылары мен актерлері қазақстандық көрерменмен  бас қосты.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Жергілікті ой-пікір» қауымдастығының басшысы Метин Гүндоғду «Биыл жетінші рет ұйымдастырылған түрік фильмдерінің апталығы керемет ашылды.  Кинотеатрлар лық толды» деді.

Биылғы шарада “Бедел”, “Қасиетті жекпе-жек”, “Сәттілік Ерен”, “Мендегі қаһарман”, “Ақиқат” және “Стамбул сақшылары” фильмдері көрсетілді.

Шара аясында түрік актерлер қазақстандық көрермен қауыммен бас қосты.

«Менің ойымша, бұл өте маңызды оқиға. Мұны Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастырады. Жыл сайын тұрақты түрде өткізіледі. Әр келген сайын сіздермен қаншалықты жақын екенімізді, бауырлас екенімізді сеземіз. Сіздерді таныған сайын, бізде ортақ құндылықтар көп екенін түйсінеміз» деді актер Сердар Дениз.

 

TuraNews

Back to top button