ТуризмЭкономика

15 наурыздан бастап «Түркістан-Самарқанд» әуе рейсі ашылады

Қалалар арасындағы авиабилеттің құны - 25 697 теңгеден басталады.

«Qazaq Air» әуекомпаниясы 15 наурызда «Түркістан-Самарқанд» әуе қатынасын іске қосады. Рейстер заманауи, жайлы «De-Havilland Dash 8-Q400» әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқандтан 21:20-да ұшады.

«Жаңа әуе қатынасы — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. Сондай-ақ Түркістан қаласына келетін туристер санының артуына едәуір әсер етеді. Бір жақты авиабилеттің құны — 25 697 теңгеден басталады. Билеттер қазіргі таңда сатылымда», -делінген Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button