БастыСаясатЭкономика

Ыстанбұлда ТМҰ Аға лауазымды тұлғалары комитетінің кезекті 43-ші отырысы өтуде

29-30 сәуірде Ыстанбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (Ұйым) Аға лауазымды тұлғалары комитетінің кезекті 43-ші отырысы өтіп жатыр.

Бүл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтып берді.

«Кездесуде 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен Ұйымның 10-шы саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, осы жазда Әзербайжанда жоспарланып отырған Ұйымның бейресми Саммиті және 2024 жылғы қазанда Қырғызстанда жоспарланып отырған Ұйымның кезекті 11-ші саммиті бойынша дайындық жұмыстары, сондай-ақ Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша өзекті мәселелері қарастырылады», – деп БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты Смадияров.

 

TuraNews

Back to top button