Әлем

Ыстанбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х парақшасында елдегі католиктік шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Ыстанбұлдың Сарыер ауданындағы Санта Мария шіркеуінде жексенбі күнгі ғибадат кезінде бетперде киген екі адам қарулы шабуыл жасады.

Жергілікті уақыт бойынша 11:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) болған шабуыл салдарынан 1 адам қаза тапты.

Түркия ІІМ басшысының  Х-дегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде, қайғылы оқиғадан кейін дереу жүргізілген рейдтер барысында екі күдіктінің ұсталғаның хабарлады.

Тәулік бойы 30 мекен-жайға жүргізілген рейдтер бойынша 47 адамның ұсталды. Нәтижесінде, кешкі сағат 22:00-де кісі өлтірген екі күдікті қолға түсті.

Сондай-ақ, Ерликая шабуыл жасағандардың ДАИШ мүшесі ретінде қарастырылып жатқанын айтты.

TuraNews

Back to top button