БастыТуризм

Ыстанбұл 2023 жылы рекордтық мөлшерде шетелдік турист қабылдады

Ыстанбұлға барған шетелдік туристік саны 2023 жылдың қорытындысы бойынша 17 миллионнан асты.

Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Ыстанбұлға 17,37 миллион шетелдік турист келген. Бұл көрсектіш бір жыл бұрынғыдан 8,4 пайызға артық.

Ыстанбұлға келетін туристердің көшін Ресей бастап тұр 1,99 миллион адам. Екінші орында  Германия – 1 миллион 280 мың адам, ал үшінші орында миллионнан астам адаммен Иран тұр.  Сондай-ақ алғашқы ондыққа АҚШ (853,8 мың адам), Ұлыбритания (701,4 мың адам), Сауд Арабиясы (604,5 мың адам), Франция (589,1 мың адам), Италия (431,6 мың адам), Ирак (404,6 мың адам) және Өзбекстан (389,7 мың адам) кіреді.

2023 жылдың желтоқсан айында мега қалаға 1,3 миллионнан астам саяхатшы келген.

Source
Interfax

TuraNews

Back to top button