
24 маусымдағы жер сілкінісінен кейін Венесуэлада іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, қаза тапқандар саны 1719-ға жетті, деп хабарлайды Анадолы.
Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының президенті Хорхе Родригес елде болған екі бірдей жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы мәлімдеме жасады.
Родригес жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1719-ға, ал жарақат алғандар саны 5034-ке жеткенін хабарлады.
Оның айтуынша, жер сілкіністерінен 22 619 адам жарақат алды, ал 855 зақымдалған ғимараттың 189-ы толығымен қирады.
Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада 24 маусымның кеші мен 25 маусымның таңертеңінде жер сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады.
Елде төтенше жағдай жарияланды, ал ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери бақылауға алынды.
Венесуэла халықаралық ұйымдар мен әртүрлі елдерден көмек қабылдап жатыр.



