Экономика

Ұлытау облысының әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қытайлық инвесторлар – «Синьсинь» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірдің инвестициялық әлеуеті мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Компания өкілдері өз қызметі туралы ақпарат беріп, корпорацияның 30 жылға жуық уақыт бойы инженерлік құрылыс, сауда-интеграциялық индустрия және тұрғын үй құрылысы салаларында табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпорын Қазақстан нарығында он жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсетіп келеді.

Өз кезегінде облыс әкімі өңірдегі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы бірқатар жобаларды таныстырып, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша инвесторлар Ұлытау–Алғабас-Шұбаркөл-Баршын-Қорғалжың-Астана автомобиль жолын және Жезқазған қаласының айналма жолын салу жобаларына қызығушылық танытып, аталған бастамаларды іске асыруға ниетті екендерін жеткізді.

Тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтып, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін пысықтауға келісті.

 

 

TuraNews

Back to top button