Қоғам
Trending

Ұлытау облысында көші-қон саясатын дамыту, еңбек ресурстарын тарту және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін күшейту бағытында кешенді мемлекеттік және жергілікті бастамашар іске асырылуда

Ұлытау облысында мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде көші-қон үдерістерін тиімді басқару, еңбек ресурстарын өңірге тарту және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы бастамалар өңірдің демографиялық өсімін қамтамасыз етуге, еңбек нарығын тұрақтандыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.

Облыста жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар кешені көші-қон саясатын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда, тек мемлекеттік қолдау шараларымен шектелмей, жергілікті қауымдастықтардың қатысуымен іске асырылып жатқан «Ауыл» қорының тәжірибесі ерекше маңызға ие.

Бұл қордың негізгі мақсаты – өңірге қоныс аударған отбасыларға нақты әрі ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету арқылы олардың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету және тұрақты өмір сүруіне жағдай жасау. Қор арқылы қоныс аударған отбасыларға мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әр отбасыға 2 жылқы, 2 сиыр және 10 бас ұсақ мал беру тәжірибесі енгізілген. Бұл шара ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және отбасылық табысты көбейтуге ықпал етеді.

Мұндай қолдау тетіктері еңбек адамының рөлін күшейтіп қана қоймай, ауылдық жерлерде тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға да әсер етеді. Сонымен қатар бұл бастамалар «Еңбек адамы» құндылығын дәріптеу, ауыл шаруашылығы саласына кадр тарту және өңірлік еңбек нарығын дамыту саясатымен тығыз байланысты.

2025 жылы Ұлытау облысына 27 отбасы қоныс аударып, жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделу жұмыстарын бастаған. Бұл көрсеткіш өңірдің көші-қон саясатының тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Ал 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес облысқа 28 отбасыны қоныстандыру көзделген. Қазіргі таңда олардың 14 отбасы өңірге көшіп келіп, жаңа тұрмысын бастап, жергілікті еңбек нарығына бейімделу үстінде.

Қоныс аударушыларды қолдау тек материалдық көмекпен ғана шектелмейді. Сонымен қатар оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімдеу, кәсіби бағыттау және ақпараттық сүйемелдеу шаралары да қатар жүргізілуде. Бұл бағытта жергілікті жұмыспен қамту органдары, әлеуметтік қорғау мекемелері және ауылдық әкімдіктер бірлесіп жұмыс атқаруда.

Өңірде көші-қон саясатын кеңінен насихаттау мақсатында Ұлытау облысының өкілдері Түркістан қаласында өткен қоныс аудару жәрмеңкесіне де белсене қатысты. Жәрмеңке барысында облыстың экономикалық әлеуеті, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, әлеуметтік қолдау шаралары және тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыттары кеңінен таныстырылды.

Іс-шара аясында қоныс аударуға ниетті азаматтарға консультациялық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өңірдегі бос жұмыс орындары, кәсіп ашу мүмкіндіктері және мемлекеттік қолдау тетіктері туралы толық ақпарат берілді. Бұл өз кезегінде Ұлытау облысына еңбек күші мен білікті кадрларды тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Сондай-ақ көші-қон саясаты аясында ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және жаңа тұрғындарды жергілікті қоғамға интеграциялау мәселелері де ерекше назарда.

Жалпы алғанда, Ұлытау облысында көші-қон саясатын дамыту, еңбек ресурстарын тарту және ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға бағытталған бастамалар өңірдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда.

TuraNews

Back to top button