
Әкелер күніне орай «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздарының қатысуымен «Есіңізде қалған әкеңіздің жылы сөзі…» атты әсерлі акция ұйымдастырылды.
Акция барысында қатысушылар әкелерінен естіген жүрекке жақын сөздерін, өмірлік бағыт-бағдар берген ақыл-кеңестерін және ұмытылмас естеліктерін жазып, көпшілікпен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – әке мәртебесін ұлықтау, отбасы құндылықтарын насихаттау және жастардың бойында үлкенге құрмет пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
«Әке сөзі – өмірлік бағдар, әке тәрбиесі – ұрпаққа қалатын ең асыл мұра».
Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Bu gönderiyi Instagram’da gör



