БастыМәдениет

«Ұлы даланың күмбірі»: Өскеменде Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді

5 шілде күні Өскемен қаласындағы «Амфитеатр» алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы даланың күмбірі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады. Кеште Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі көрерменге ұлттық өнердің жауһарларын ұсынады.

Концерттің бас дирижері – Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ырысханұлы, ал дирижері – Мәдениет саласының үздігі Ержан Касымканов.
Мерекелік бағдарлама аясында Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Хадхан Манай, Абай Қаирбек және Естай Матабаев өнер көрсетеді.

Шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын насихаттау, домбыра өнерін дәріптеу және тұрғындар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау. Көрермендер халық күйлері мен ұлттық шығармаларды кәсіби орындауда тамашалай алады.

Ұйымдастырушылар шығысқазақстандықтар мен қала қонақтарын Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кешке қатысуға шақырады.

TuraNews

Back to top button