Түркі әлемінің қолөнер бұйымдарының үлгілері көрсетілген шарада ТҮРКСОЙ суретшілер кездесулерінде қойылған туындылар мен түркі әлемінің түрлі өңірінен әкелінген сирек кездесетін қолөнер бұйымдарының топтамасы да көпшілік назарына ұсынылды.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың бастамасымен ашылған көрмеге Түркі Академиясының Бас хатшысы, Түркі Мәдениеті мен мұрасы қорының Бас хатшысы, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері, өнер сүйер қауым, дипломаттар және шетелдік өкілдер қатысты.
Раев арнайы берген сұхбатында ТҮРКСОЙ-дың бүкіл әлемдегідей Женевада да түркі мәдениеті мен өнерін ілгерілету миссиясын орындағанын айтып, «басты міндет- түркі әлемі халықтарын мәдениет пен өнер жағынан жақындастыру», — деді.