Экономика
Түркіменстан мен Пәкістан экономикалық ынтымақтастықты нығайтады
Түркіменстан мен Пәкістан өзара қарым-қатынастарын дамытудың басты бағыты ретінде экономикалық ынтымақтастықты белгіледі.
Бұл туралы Түрікменстан делегациясының ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысына сапары аясында Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Пәкістан президенті Асиф Али Зардаридің кездесуінің қорытындысы бойынша мәлім болды.
Тараптар бұл серіктестіктің тауар айналымын кеңейту және өзара тиімді байланыстарды әртараптандыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.
Кездесу барысында Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (ТАПИ) газ құбыры және Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан (ТАП) электр беру желісі сияқты жобалар бойынша бірлескен жұмыстарға ерекше назар аударылды.