ӘлемБастыСпорт

Түркияның волейболшы қыздары Еуропа чемпионы атанды

Әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатының финалында Түркия мен Сербия кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Брюссельде өткен тартысты ойын 3-2 (25:27, 25:21, 22:25, 25:22, 15:13) есебімен түркиялық қыздардың пайдасына шешілді.

Осылайша түрік волейболшылары Еуропа чемпионатында алғаш рет жеңіске жетті.

Бұған дейін олар екі рет күміс, үш рет қола жеңіп алған еді.

Қола жүлде Нидерланд құрамасына бұйырды. Олар 3-орын үшін матчта Италияны 3-0 (25:23, 28:26, 25:20) есебімен жеңді.

TuraNews

Back to top button