Туризм

Түркияның Фетхие ауданы әлемдегі ең жақсы демалыс орындарының бірі

«The Times» газеті Мугладағы Фетхие ауданын қазан айында ең жақсы 10 демалыс орнының арасында екінші орынға қойды, деп жазады TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Фетхие қалалық әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде «Қазан айында жағажай демалысы үшін ең жақсы орындар» тізімін жариялаған «The Times» газетінің Түркиядан Фетхиені таңдағаны білдірілді.

 

«The Times» газетінің «Бюджеттік тұрғыда саналы саяхатшылар үшін төмен бағамен демалудың тамаша мүмкіндігі» мақаласында көрсетілген тамаша орындардың тізімі  төмендегідей:

Ибица (Испания), Фетхие (Түркия), Мальта, Занзибар (Танзания), Гоа (Үндістан), Кейптаун (Оңтүстік Африка), Алгарве (Португалия), Ямайка, Тулум (Мексика), Крит (Грекия).

TuraNews

Back to top button