Түркия Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Измирдегі барлық өрттердің бақылауға алынғанын мәлімдеді.
29 маусымда күні Түркияның Измир провинциясында бір күнде 16 орман өрті тіркелді. Өрт Каракадаг, Мендерес, Менемен, Сельчук, Торбалы, Чешме және басқа аудандарда болды.
Аталмыш аймақтарында өртті оқшаулау жұмыстарында мыңға жуық адам жұмылдырылды. Байраклидеде аймағындағы үйлер мен екі қонақ үйдің, Селчуктағы муниципалды жануарлар баспанасының эвакуацияланғаны атап өтілді. Сондай-ақ жел өрттің тұрғын үйлерге таралуына себеп болды.
Түркияның Қорғаныс министрлігі өрт сөндірушілерге қолдау көрсету үшін бес тікұшақ жіберді. Қауіпсіздік мақсатында бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.
Ибрахим Юмаклы лақтырылған темекі тұқылы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.