Басты
Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

Түркияның Бартын провинциясының Амасра ауданындағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап
Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу апатқа қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті.
Шахтадағы апат кезінде болған 110 адамның 58-і құтқарылды. Бір кеншінің тағдыры белгісіз.
Жұма күні сағат 18.15-те Амасра аймағындағы шахталардың бірінде жарылыс болды.
Жараланғандарға жедел медициналық жәрдем көрсету үшін санитарлық авиация жұмылдырылды.
Бартин провинциясының прокуратурасы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғады.