ӘлемБастыСаясат
Trending

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойды

Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістан өзара қорғаныс туралы маңызды келісімге қол қойды. Бұл туралы TuraNews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа құжатқа сәйкес, осы үш мемлекеттің біріне жасалған кез келген қарулы шабуыл барлық үш елге бағытталған агрессия ретінде бағаланады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, бірлескен мәлімдемеде тараптардың мойнына алатын нақты міндеттемелері егжей-тегжейлі көрсетілмеген.

Өз кезегінде аты-жөнін көрсетпеуді өтінген түркиялық шенеунік бұл келісімнің ешбір үшінші тарапқа немесе мемлекетке қарсы бағытталмағанын баса айтты. Сонымен бірге, құжат аймақтағы басқа елдердің де қосылуына ашық. Сондай-ақ бұл уағдаластық қатысушы елдердің бұған дейін қабылдаған халықаралық міндеттемелерін жоймайды және олардың орнын баспайды.

TuraNews

Back to top button