Басты

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қараша айында елімізге келеді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Осы ретте, үстіміздегі жылдың 3 қарашасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайип Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», – деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті Қазақстанның оңтүстігінде Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланған.

TuraNews

Back to top button