Қоғам

Түркі академиясының президенті ТҮРКСОЙ Бас хатшысымен кездесті

16 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркия Республикасында іссапары аясында Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында тараптар 2023 жылғы маңызды жобаларды талқылап, бірлескен іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

Академия басшысы Ш. Мустафаев болашақ жоспарлармен бөлісіп, ұйымның алдағы бағыт-бағдары туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Бас хатшы С. Раев ТҮРКСОЙ ғимаратына арнайы келген Ш.Мустафаевқа ілтипат көрсетіп, ғылым және білім бағытында ортақ іс-шараларды жүзеге асыру бойынша қолдау көрсеттінін жеткізді.

Кездесу соңында Ш. Мустафаев ұйым басшысына қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Академия тарапынан қазақ тіліне аударылған Мұстафа Кемал Ататүріктің «Жолдау» кітабын тарту етті.

TuraNews

Back to top button