ӘлемТуризм

FlyArystan «Ақтау-Дубай» рейсін тоқтату мерзімін 15 қыркүйекке дейін ұзартты

FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды уақытша тоқтату мерзімін ұзартты.

Компанияның мәліметінше, бұл бағыттағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда орындалмайды.

Бұған дейін рейстердің 29 тамызға дейін тоқтатылғаны хабарланған еді.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі беріледі. Қаражат билетті сатып алған орын бойынша қайтарылады.

Еске салайық, бұған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгеретінін ескерткен еді.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button