Қоғам
Түркі академиясының басшысы Түрік тілі қоғамының төрағасымен кездесті
16 қаңтарда Анкара қаласында Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түрік тілі қоғамының төрағасы Гүрер Гүлсевинмен кездесті.
Кездесуде тараптар Түркі Академиясы мен Түрік тілі коғамының арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, бірлесіп атқаратын жобаларды талқылады. Атап айтқанда түркі әлеміндегі әліпби және терминология мәселелері жөнінде сөз болып, тіл және мәдениет саласындағы интеграция бағыттары бойынша ойларымен бөлісті.
Ізеттілік жүздесуде Ш. Мустафаев Г.Гүлсевинге қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдіріп, Академияның басып шығарған бірқатар басылымдарын тарту етті.