Қоғам

Түркі академиясы мен Қорқыт ата университеті арасындағы әріптестік байланыстар нығайды

2023 жылдың 1 сәуір күні Түркі академиясы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаласты, деп хабарлайды Turanews.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ынтымақтастық туралы меморандумға Түркі академиясының вице-презденті Асхат Кесікбаев пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова қол қойды.

Аталған ынтымақтастық аясында Қызылорда облысының аумағындағы Жанкент қалашығының археологиялық ескерткішін бірлесіп зерделеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары процесінде алынған материалдарды ғылыми айналымға енгізу секілді жұмыстар жүргізілетін болады.

Кездесуде сөз алған Академия вице-президенті ұйым басшысы Шаин Мустафаевтың сәлемін жеткізіп, Университетпен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының табысты нәтижелерге қол жеткізетінін сенім білдірді.

TuraNews

Back to top button