Әлем

Түрікменстан президенті өзіне «Халық қаһарманы» атағын берді

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке «Түркіменстан Батыры» атағы берілді, деп хабарлайды Turanews.kz Түрікменстан мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, Мәжілістің (Парламенттің) қаулысында Мемлекет басшысы бұл атаққа республиканың ұлттық Тәуелсіздігінің негіздерін нығайтуға қосқан зор үлесі және басқа да еңбегі үшін ие болғандығы айтылған.

«Салтанатты марапаттау рәсімі халық билігінің жоғары өкілді органы — Халық мәслихатының отырысында өтті.»- денілген хабарламада.

TuraNews

Back to top button