Туризм

Түркияға Қазақстаннан жаңа рейстер ашылады

Нұр-Сұлтан, Ақтау және Анкараға жаңа рейстер ашылады.

Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен Анкараға жаңа рейстер ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті ресми сауалға жауапта жазды, – деп хабарлайды Turanews.kz, Kaz.tengritravel.kz парақшасына сілтеме жасап.

«2022-2023 жылдағы күзгі-қысқы кезеңде Нұр-Сұлтан – Баку, Нұр-Сұлтан – Анкара, Ақтау – Анкара және Шымкент – Анкараға әр бағыт бойынша аптасына екі рейс жиілікпен рейстер ашу жоспарланып отыр», – делінген ресми сұрау салуға жауапта.

Сонымен қатар, комитеттің мәліметінше, Алматы – Карачи маршруты бойынша Пәкістанға, Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша Моңғолияға, сондай-ақ Тәжікстанға Нұр-Сұлтан – Душанбе бағыты бойынша рейстер ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін ведомствода Нұрсұлтан Назарбаевтан Нью-Йоркке тікелей рейстерді іске қосу 2024 жылдың аяғында – 2025 жылдың басында жоспарланғанын хабарлаған болатын.

TuraNews

Back to top button