ӘлемБасты
Trending

Трамп кешірім сұрамайынша Иран АҚШ-пен келіссөзге оралмайды

Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамп айтқан қоқан-лоқы сөздер үшін кешірім сұрамайынша, Вашингтонмен келіссөзді қайта бастамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Швейцария аумағында АҚШ өкілдерімен келіссөзге қатысып жатқан Иран делегациясы ресми байланыстарды қайта жалғастыруға әзір емес.

Бұл туралы Al Mayadeen телеарнасы хабарлады.

БАҚ мәліметінше, Тегеран келіссөздердегі ұстанымын қатаңдатып, Ливан аумағындағы әскери іс-қимылды тоқтатуды және Израиль әскерін елдің оңтүстігінен шығаруды талап еткен.

Иран делегациясының басшысы АҚШ-қа қоқан-лоқы жасау мәселесінде сақ болуға кеңес берген.

-Трамп кешірім сұрамайынша, келіссөздер қайта жалғаспайды, — деп хабарлады телеарна.

Сондай-ақ ирандық келіссөз жүргізушілер тек Ливандағы әскери қимылдарды тоқтатуды ғана емес, Израиль күштерін Оңтүстік Ливаннан толық шығаруды талап етіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы тікелей келіссөздер 21 маусымда Швейцарияда басталатыны хабарланған болатын.

Via
inform.kz

TuraNews

Back to top button