БастыСпорт

Теңізшілер Геннадий Головкинді қолдау үшін флешмоб ұйымдастырды

Теңіз жаяу әскерлері құрамасының 300-ден астам әскери қызметшісі өздерінің спорттық кумирін қолдау үшін алып G әріптерімен алаңға шықты, деп ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін түнде Лас-Вегаста қазақстандық бокстың мақтанышы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында үшінші жекпе-жек өтеді.

Үшінші жекпе-жек қарсыластардың қайсысы орта салмақтағы абсолютті чемпион болатынын анықтайды.

— Біз, Қарулы күштердің әскери қызметшілері, отандасымыздың жетістіктерін жіті бақылап отырамыз. Біз — өз еліміздің жауынгерлері, Қазақстанның бейбітшілігі мен тыныштығын қорғаймыз, ал Геннадий Головкин әлемдік аренада біздің туымызды көтереді. Біз оған қолдау көрсетеміз және оның жеңісіне сенеміз, — деді гвардиялық теңіз жаяу әскері құрамасының командирі подполковник Жаннұр Сатқынов.

TuraNews

Back to top button