Қоғам
Trending

Теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен теміржол вокзалдарын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлауынша, Кеңес барысында өңірлердің жобаларды іске асыру барысы жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы, нысандарды уақытылы пайдалануға беру және жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстарды уақтылы аяқтап, нысандарды пайдалануға беруді қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда. Барлық жобалардың іске асырылуы министрліктің тұрақты бақылауында.

 

TuraNews

Back to top button