БастыТехнологияЭкономика

Tele2 мен ALTEL қатарлық инвесторға 1 миллиард долларға сатылады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«Жаңа қатарлық инвестордың келуі – өте маңызды бастама, жаңа инвестицияларға, жаңа есімді тарту арқылы инвесторлық базаны кеңейтуге, нарықта, атап айтқанда ұялы байланыс операторларында бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Мәміле сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайды», – деді министр Үкіметтегі брифингіде.

Оның айтуынша, Power International Holding инфрақұрылымға шамамен 300 млрд теңге қаражат бөледі. Оған қоса, базалық станцияларды салу, 5G базалық станцияларын орнату бойынша міндеттемелер бар.

«Бұл шаралар бәсекелестікті күшейтеді деп санаймыз, ал бәсекелестік, өздеріңіз білетіндей, сапаның артуына әкеледі», – деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, 2024 жылғы 14 ақпанда қатарлық Power International Holding холдингі «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын (Tele2/Altel байланыс операторының иесі) сатып алуды жоспарлап отырғаны белгілі болған.

 

TuraNews

Back to top button