Әлем

Тегерандағы шерудің тоқтайтын түрі жоқ

Тегеранда Махса Эминидің өліміне қарсы шыққан университет студенттеріне полиция килікті.

Иранның астанасы Тегеранда Махса Эминидің өліміне қарсы шыққан университет студенттеріне полиция килікті.

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел астанасы Теһранның алдыңғы қатардағы университеттерінің бірі Санат-и Шарифте кеше шеру өткізген жүздеген студент соңғы оқиғаларда ұсталған сабақтастарын босатуды талап еткен.

Шерушілер режимге қарсы ұрандар салуларына орай университетті қоршап тұрған қауіпсіздік күштері жиналғандарға көз жасаурататын газ шашты және пластикалық оқ жаудырды.

Студенттердің наразылығын қолдағысы келген Теһран халқы көліктерімен университетке баратын Азади көшесінде конвой құрып жатқанда, университеттен шыққан студенттер көшелерде шерулерін жалғастыруда. Полиция жиналған жұртқа жасаурататын газ шашты.

Махса Эмини қайтыс болғаннан кейін елде басталған шерулердің  16-шы күні еді.

Сенбі күні университеттердің ашылуымен қайта тұтанған шерулер кеше көптеген қалаларда, әсіресе ел астанасы Теһранда жалғасты.

Теһрандағы Шариати көшесіне жиналған халық үкіметке қарсы ұрандар салды, біраз уақыт жолды жауып тастады.

Ирандағы шерулер

17 қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты Иранда ауқымды наразылық шерулері өтті.

Бойжеткенді 13 қыркүйекте «хиджабты дұрыс кимегені» үшін полиция ұстап, 16 қыркүйекте қайтыс болды.

Бұған жауап ретінде Иранның ондаған қаласының тұрғындары көшеге шығып, Қыркүйектің 24-і күні мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, зорлық-зомбылық әрекеттеріне айналған наразылық шерулері кезінде кем дегенде 41 адам, соның ішінде қауіпсіздік күштері қаза тапқан.

 

Source
Anadolu

TuraNews

Back to top button