
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар жасағы Кеңгір жағалауы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жастар жағалау аумағын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Мұндай экологиялық шаралар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, туған қаламызға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Таза қала – ортақ жауапкершілік!
Табиғатты аялау – болашаққа жасалған қамқорлық!



