БастыҚоғам

Татарстанда ұшақ құлап, үш адам қаза тапты

Камское Устье елді мекенінің маңында Cessna-17 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады.

Cessna-17 жеңіл моторлы экскурсия ұшағы РФ Татарстан Республикасындағы Лобач тауының жанындағы Камское Устье елді мекенінің маңында құлап, салдарынан екі ересек адам мен бала қайтыс болды, тағы бір адам зардап шекті, деп жазады ТАСС.

— Оқиға Лобач тауының жанындағы Камское Устье елді мекенінің маңында болды. Cessna-17 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бортта барлығы төрт адам болды, олардың үшеуі қайтыс болды, оның ішінде бала бар. Тағы бір адам зардап шекті, – деді шұғыл қызмет өкілдері.

Апаттың негізгі себебі ретінде техникалық ақаулық пен ұшақты басқарудағы қателік болуы мүмкін деп болжанған.

Ресейдің аймақаралық тергеу басқармасының тергеушілері оқиға орнына барып, РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша (қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу) тергеу бастады.

Қылмыстық іс қозғалды.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button