Әлем

Ташкент пен Самарқан — 2024 жылғы ТМД астаналары

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Самарқан — Достастықтың 2024 жылғы мәдени астанасы, ал Ташкент жастар астанасы болып жарияланды. Бұл туралы кездесу қорытындысы бойынша брифингте ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

«2024 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы дәрежесін Самарқанға, ал сол жылы жастар астанасы дәрежесін Ташкентке беру – Өзбекстанның ТМД аясындағы өзара қарым-қатынасымызға белсенді үлес қосып жатқанының дәлелі», — деп атап өтті Сергей Лебедев.

Сонымен қатар, Минск 2023 жылғы ТМД-ның спорттық астанасы болып таңдалды. 2024 жылы бұл дәреже Арменияның Гюмри қаласына беріледі.

15 сәуірде, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы Самарқанда өтті. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен ТМД Атқарушы комитетінің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары қатысты.

TuraNews

Back to top button