Спорт

Тағы бір ресейлік теннисші Қазақстан азаматтығын алды

ҚР Теннис федерациясы ресейлік Александр Шевченконың енді Қазақстан атынан сынға түсетінін жариялады.

Ресейлік Александр Шевченко Қазақстан командасына ауысты. 23 жастағы теннисші енді біздің елдің намысын қорғайды, деп жазады Bassport.kz.

Бұл туралы спортшы өзінің желідегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстан атынан жарысқа шығатынымды мақтан тұтам. Тезірек кортқа шығып, өзім және елім үшін есте қаларлықтай сәттерге жеткім келеді», — деп жазды Шевченко.

АТР рейтингінде Александр Шевченко 48-орында тұр. Ол былтырғы маусымда өз мансабында алғаш рет АТР турнирінің финалына дейін жетті.

Былтыр Александр ресейлік теннисші Анастасия Потаповамен шаңырақ көтерген болатын.

Бір қызығы, Қазақстанға енді ауысқан теннисші өзінің алғашқы кездесуін Александр Бубликке қарсы өткізбей. Екі теннисші  ATP 250 — Open Sud de France турнирінде жолығады.

TuraNews

Back to top button