Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.