БастыҚоғам

Шығыста ұландықтар алғашқылардың бірі болып референдумда дауыс берді

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметшілері республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Таңертеңнен бастап әскери қызметшілер дауыс беру учаскелеріне келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.

Өскемен қаласындағы 6699 әскери бөлімінде қызмет ететін, Аягөз қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Елдар Жанболатұлы да референдумға қатысып, дауыс берді. Оның айтуынша, бүгінгі референдум ел болашағы үшін маңызды, сондықтан ол өз азаматтық таңдауын жасаған.

Сонымен қатар, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев те мерзімді әскери қызметшілермен бірге дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов те таң алакеуімнен сайлау учаскесіне келіп, референдумға қатысты.

Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оларға мерзімді әскери қызметшілермен қатар офицерлер мен сержанттар да қатысуда.

TuraNews

Back to top button