ӘлемБастыЭкономика

Шавкат Мирзиёев: Өзбекстанда жыл сайын өндірілетін алтынның тек 6 пайызы өңделеді

Өзбекстанда жыл сайын 100 тонна алтын өндіріледі, бірақ оның тек 6%-ы ғана өңделеді.

Мұны Наманған облысында орналасқан «Гавхар груп» кәсіпорнының жұмысымен танысқан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп жазады Kazinform агенттігі.

Өзбекстан басшының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы негізінде алдағы уақытта алтын өндіру және оны өңдеу ісіне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау арта түседі.

«Біздің елімізде жыл сайын 100 тонна алтын өндіріледі. Оны кәсіпкерлерге бөліп төлеу шартымен сатуға рұқсат етіледі. Шын айтқанда, мұндай мүмкіндік ешқандай елде жоқ. Дегенмен бізде алтынның 6 пайызы ғана өңделеді. Алтын өндірмейтін елдердің өзі бізге қарағанда зергерлік бұйымдарды көбірек экспорттайды. Біз бұл салада біршама артта қалдық. Сондықтан өндіріс үшін қосымша жағдай жасаймыз», – деді Шавкат Мирзиёев «Гавхар груп» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесу барысында.

Сонымен қатар Өзбекстан президенті кәсіпкерлермен пікір алмасып, аталған салаға қолдау жасау үшін заңнамалық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады.

 

TuraNews

Back to top button