Қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғады. Жартылай финалла қазақстандық спортшы Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті. Тартысты жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталып, Әділов финалға шыға алмады.
Осылайша, Санжар Әділов жарысты қола жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.



