Сайлау: Қызылорда өңірінде мәслихат депутаттығына 455 кандидат тіркелді

2026 жылғы 29 қарашада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткізіледі.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 1 қараша, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Нәтижесінде Қызылорда облыстық мәслихатқа 16 округ бойынша 48 кандидат, қалалық мәслихатқа 23 округ бойынша 69 кандидат, аудандық мәслихаттарға 97 округ бойынша 292 кандидат тіркелді.
— Бәселекестік бойынша бірмандатты аумақтық сайлау округтерінде сайлауға қатысып жатқан канидаттардар арасында 1 мандатқа 3 адамнан тіркелді.
Партиялық тізімдерді ұсыну бойынша «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары 46 адамнан тұратын партиялық тізімін ұсынды. Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың жиынтық саны сақталды.
Барлық партиялар тіркеуден өтті. Орташа алғанда бір мандатқа 3 адамнан тіркелді,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.
Айта кетейік, бірмандатты сайлау округі бойынша кандидаттардың 314-і ер, 95-і әйел. Ал, партиялық тізім бойынша кандидаттардың 36-і ер, 10-ы әйел азаматша.
Еске саламыз, кандидаттар үгітті 4 жолмен жүргізе алады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен облыстық мәслихат депутатына үміткер әрбір азаматқа 700 мың, қалалық мәслихат депутаттығына кандидатқа 650 мың, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер үшін 500 теңге қаражат бөлінді. Кандидаттар белгіленген қаражатты БАҚ-та жарияланым жасау, үгіттік баспа материалдарын шығару және көліктік шығыстарға жұмсай алады.


