БастыСаясат

Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Бішкекте сапармен жүрген қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен кездесуі барасында мәлімдеді.

Онда биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтетіні хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың мамыр айында Қырғызстанға ресми сапармен барған болатын.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button