БастыҚоғамСаясатТуризмЭкономика

Садыр Жапаров ресми сапармен Әзербайжанға бара жатыр

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бүгін Бакуге ресми сапармен ұшты.

Іссапар барысында Азербайжан Республикасының президенті Илхам Әлиевпен екіжақты келіссөз өткізу жоспарланған.

Мемлекет көшбасшылары күн тәртібіндегі екіжақты және жан-жақты мәселелерді, сонымен қатар екі тарап үшін де тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылайды.

Сондай-ақ мемлекет басшылары Хыдырлы ауылындағы орта мектептің құрылысына капсула салу рәсіміне қатысады.

 

TuraNews

Back to top button