ӘлемСаясат

Садыр Жапаров қырғызстандықтарды «Манас» эпосы күнімен құттықтады

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бүгін қырғызстандықтарды «Манас» эпосы күнімен құттықтады, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Құрметті қырғызстандықтар! Бүгін ұрпақтан ұрпаққа беріліп, әкесі ұлына айтып беріп, ондаған ғасыр бойы халқымыздың жүрегінде сақталған Ұлы «Манас» эпосы күні. «Манас» эпосы – қырғыз халқының ұлттық мақтанышы, рухани мұрасы, әлемдегі ұлттық поэзия жауһары, халық көптеген ғасыр бойы қастерлеп келе жатқан жолбасшы! Егер алқызыл туымыз, елтаңба мен әнұран мемлекеттің символы болса, «Манас» эпосы – ұлт бірлігі символы. Қырғыз халқының ғасырлардан жеткен ұлылығы мен бірлігі «Манас» эпосында сипатталған. Осы ұлы бірлікте көпұлтты Қырғызстанның ұлттық идеологиясы жатыр», деп атап өтті Қырғыз президенті.

Сондай-ақ ол «Манас» эпосын таныту үшін қандай іс-шаралар атқарылғанына тоқталды.

«2022 жылдың 22 сәуірінде мен «Манас» эпосы трилогиясын («Манас», «Семетей», «Сейтек» эпостары) – қырғыз халқының баға жетпес рухани мұрасын жан-жақты зерттеу және таныту бойынша қосымша іс-шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. Содан кейін көп ұзамай, 2022 жылдың 28 қыркүйегінде «Манас» эпосын таныту және ғылыми зерттеу үшін қажет кешенді жағдайлар құру туралы жарлықпен «Манас және Шыңғыс Айтматов атындағы Ұлттық академия» мемлекеттік мекемесі «Манас Ұлттық академиясына» айналды. Мен бұл қадамдар «Манас» эпосын кешенді зерттеуге септігін тигізетініне сенімдімін», — деп атап өтті Садыр Жапаров.

 

TuraNews

Back to top button