Басты

Рим Папасының месса рәсіміне қай елдерден діндарлар келеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Рим Папасының Қазақстанға сапары аясында өтетін діни жоралғыға қай елден діндарлар келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға діндарлардың басым бөлігі Рим Папасы өткізетін діни жоралғыға қатысу үшін келеді. Мессаға үш мың орын қарастырылған. Оның басым бөлігі Орталық Азия өңірі мен өзге де таяу елдердің діндарларына арналып отыр», – деді СІМ өкілі ведомствоның апта сайын өтетін брифингі барысында.

Бұған дейін Рим Папасы Францистің елімізге сапары аясында Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, Мессасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.

TuraNews

Back to top button