Қоғам

Ресейден Қазақстанға заңсыз ұшақ әкеле жатқандар ұсталды

Тасымалдаушы әуе техникасын Ресейден рұқсат құжаттарынсыз шығаруға тырысқан, деп жазады Turanews.kz Сібір кеден басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Омбы кеденшілері Павлодар тұрғыны сатып алған ұшақты шекарадан өткізбей қойған.

«Кеденшілер тіркемеде ресейлік шағын авиациялық әуе кемесін анықтады. Павлодарға жеткізуді жоспарлаған ұшақ салмағы 300 келі, ал құны 3,4 миллион рубльді құрады. Тасымалдаушы тауарды әкету үшін қажетті құжаттарды кеденшілерге көрсете алмаған», — делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылыққа байланысты ұшақты әкетуге тыйым салынды. Тауары бар көлік Ресей Федерациясына қайтарылды.

TuraNews

Back to top button