ӘлемСаясат

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Қытайға келді

Агенттіктің хабарлауынша, Ресей президенті Бейжің мен Харбинге барады.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бейсенбі күні таңертең Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңге екі күндік мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды ТACC агенттігі.

«Бұл В.Путиннің Ресей президенті қызметіне жаңа мерзімге кіріскеннен кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары болмақ», — деп хабарлады Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь.

Оның айтуынша, сапар барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин президент Путинмен Қытай мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 75 жыл толуы аясындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері, түрлі салалардағы ынтымақтастық, сондай-ақ өзара мүддені қозғайтын халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады.

TuraNews

Back to top button